14 пен 35 жас арасындағы дарынды жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалмақ. Грант жеңімпаздары «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» бағыттары бойынша іріктеледі. Ол үшін конкурсқа құжат қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды Qyzylordatv.kz арнасы.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 2021 жылдан бері Президент тапсырмасымен жүзеге асырылып келеді. Жеңімпаздардың негізгі бөлігі өңірлердің қарапайым жастары екенін атап өту керек.
ТАЛҒАТ ТІЛЕС – ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
"Қорытынды бойынша жыл соңына дейін 30 жасқа 3 млн теңге көлемінде грант беру жоспарлануда"
Брифингте «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына да өтінім қабылданып жатқаны айтылды. Байқау әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, креативті бастамалар, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы номинациялары бойынша өтеді. Құжаттарды қабылдау қарашаның 20-на дейін жалғасады.