Негізгі Жаңалықтар Мерейтой иелеріне құрмет көрсетілді

Мерейтой иелеріне құрмет көрсетілді

#qyzylordatv 

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев саналы ғұмырын аймақтың дамуына арнаған азамат, қоғам қайраткері Биғали Қаюпов пен Бибіжан Жәукебаеваны қабылдап, құрмет көрсетті. Биғали Әбдікерұлы биыл 75 жасқа толса, Бибіжан Жәукебайқызы мерейлі 80 жасын атап өтуде. 


 Еңбек жолын қарапайым ұстаздықтан бастаған Биғали Қаюпов әр жылдары аудандық, облыстық, орталық комитетте жауапты қызметтер атқарған. Үш бірдей ауданды басқарды. Арал ауданының әкімі болған уақытта «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңның қабылдануына атсалысты. Мұнан бөлек, САРАТС жобасының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуына үлес қосты. Жиында облыс әкімі Биғали Әбдікерұлының өміржолы мен елге сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, Сыр жұртшылығының атынан құрмет көрсетті. 


  Ал, Бибіжан Жәукебаеа білім саласында және мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр. Атап өту керек, Бибіжан Жәукебайқызы аймақта облыс әкімінің бірінші орынбасары болған алғашқы әйел. Ол 1995 жылы Қазақстан атынан БҰҰ-ның Бүкіләлемдік әйелдер конференциясына қатысты. «Қызыл Жарты Ай» қоғамының облыстық комитетін басқарып, халыққа әлеуметтік және гуманитарлық көмек көрсету ісіне белсене атсалысты. 

Бөлісу