Негізгі Жаңалықтар Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

#qyzylordatv 

Қызылорда қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтердегі кадрлық және инфрақұрылымдық мәселелер талқыланды.


 "Дипломмен ауылға" бағдарламасы – кадр тапшылығын шешудің басты құралы. Үкімет жас мамандарға көтерме жәрдемақы мен баспана үшін жеңілдетілген несие береді. Биыл бағдарлама арқылы 74 маман көтерме жәрдемақы алған. Оның басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істеп жатыр.  


 МЕЙРАМБЕК ӘЖІБЕКОВ – ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 

Бүгінгі күнге 74 маманға 432 500 теңге көтерме жәрдемақы берілді. Бюджеттік кредит бойынша республикалық бюджеттен 30 маманға 259,5 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда қаржылық жоспарға сәйкес 15 маманға қаржы бөлініп жатыр. 


 Жиында ерекше назар аударылған екі аймақ – Қызылжарма мен Қызылөзек ауылдары. Қалаға тиіп тұрған Қызылжармада халық саны қарқынды өсіп келеді. Демек, мектеп пен балабақшаға, жол мен суға сұраныс жоғары. 


 ШӘРІП ӘБДІРАХМАНОВ – ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ 

 Көше жарықтандыру бағаналарын күтіп ұстау жұмыстарына 45,6 млн.теңге бөлініп, мердігер мекеме тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. 2026 жылға облыстық бюджеттен 14 көшеге 1 млрд. 474 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңда мердігер мекемелер тарапынан жол жөндеу жұмыстары жүруде.


 Ал Қызылөзек ауылдық округінде әлі де шешілмеген мәселелер бар. Тұрғындар қыста көмір жағып, күл шығарып отыр. 


СӘКЕН ӘБДІЖАППАР – ҚЫЗЫЛӨЗЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Ауылдық округ тұрғындарының ең өзекті мәселесі елдімекендерді газдандыру жобасын қаржыландыру бағытында жұмыстар жасалуда. 


 Жиын барысында қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы 2026-2028 жылдарға арналған қаланың бюджетін бекіту және 2026-2030 жылдарға арналған қаланың даму жоспарын бекіту туралы қалалық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізуге ұсыныс берді. Қоғамдық кеңес бұл мәселені бақылауда ұстайтынын айтты.


Бөлісу