Маңғыстаудағы оқиға: Қорғаныс министрлігі екі матросқа қатысты түсініктеме берді
#qyzylordatv
Қорғаныс министрлігі Каспийде болған қайғылы оқиға кезінде бастапқы тізімде неге 19 әскери қызметші болғанын, ал кейін бұл сан неліктен 17-ге қысқарғанын түсіндірді.
«Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу барысында жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болып, тиісті оқу міндеттерін орындады. Мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. және Мағауия Ә.А. жағалауда оқу міндеттерін орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болды», делінген ақпаратта. Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта аталған әскери қызметшілер әскери бөлімнің орналасқан жерінде және күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр.
Қайғылы оқиғадан кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Президенттің Жарлығымен Қорғаныс министрі қызметіне Арнайы операциялар күштерінің бұрынғы қолбасшысы Айдос Мырзахметов тағайындалды.