Негізгі Жаңалықтар Бастауыш ұйым: Жаңа серпін - жаңа міндеттер

Бастауыш ұйым: Жаңа серпін - жаңа міндеттер

#qyzylordatv 

 «Әділет» партиясы облыстық филиалында бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен кездесу өтті. Жиында атқарылған жұмыстар сараланып, партияның алдағы жоспары талқыланды. Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуына атсалысып жүрген үздік бастауыш партия ұйымдары марапатталды. 


 Бүгінде облыс бойынша 214 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Оның құрамында 54 мыңнан астам партия мүшесі бар. «Әділет» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай: «Бұл – жай ғана статистика емес, халықпен тікелей жұмыс істейтін үлкен күш. Бастауыш ұйымдардың жұмысы арқылы партия азаматтардың ұсынысы мен мәселесін тыңдап, оларды шешуге ықпал етеді», - дейді. «Бастауыш ұйым: жаңа серпін - жаңа міндеттер» тақырыбындағы кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы, бастауыш ұйымдардың жұмысы туралы сөз болды. Мұнан бөлек үздік ұйымдар марапатталып, оларға түрлі-түсті және лазерлі принтер мен ноутбук табысталды. Бұл қолдау бастауыш ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтып, күнделікті жұмысын тиімді ұйымдастыруына мүмкіндік береді.


ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ 

Бастауыш партия ұйымдарының жұмысы жиналыс өткізумен немесе мүшелікке қабылдаумен шектелмейді. Бастауыш партия ұйымы азаматтар мен партия арасындағы тікелей байланыс қалыптастыратын негізгі буын деп айтсақ болады. Халықтың мәселесін тыңдау, азаматтардың ұсынысын жеткізу, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеру, партиялардың бастамаларын түсіндіру және нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарға атсалысу бастауыш ұйымдардың басты міндеттерінің бірі...

Бөлісу