Аймақта алғаш рет Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтті, деп хабарлайды "Qyzylorda" телеарнасы.
Биыл аймақта ІТ саласын дамытуға ерекше екпін беріліп отыр. Мәселен, жақында ғана Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде СеулТех Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі, одан бөлек, Kyzylorda Hub өңірлік хабы өз жұмысын бастады. Бұл шаралардың барлығы аймақтағы білім, ғылым, IT-технологиялар, киберқауіпсіздік және компьютерлік ғылымдар саласына серпін береді деп күтілуде.
ШАХМАРДАН БАЙМАНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ
"Президент Жолдауына сәйкес Astana Hub Халықаралық стартаптар технопаркінің тәжірибесін өңірлерде тарату тапсырмасына сәйкес биылғы жылдың наурыз айында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және өңірлік IT парк базасында Kyzylorda Hub өңірлік хабы жұмысын бастады. Бүгінгі күні хабтардың жұмысы бойынша Қызылорда өңірі І орында келеді. Әрине, ең алдымен бұл сіздердің кәсіби еңбектеріңіздің нәтижесі."
Басқосуда ІТ саласының дамуына үлес қосып жүрген азаматтар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Жиын барысында саланы одан әрі дамыту бойынша бірқатар ұсыныс айтылды. Мамандар білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын әлі де күшейту қажеттігін жеткізді.
ЭЛЬМИРА АЗАТБАЕВА – Б.МОМЫНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №278 ІТ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
"Бізде қазір көбіне керек нәрсе мектептердегі бағдарламаларды көтеретін компьютерлар көбейсе дейміз. Бұл біздің арманымыз болып тұр қазір. Сондықтанда көбіне балаларға да, мұғалімдерге де үлкен мультемедиялық процессорлар керек деп ойлаймын."