Ел чемпионаты: Жерлесіміз таеквондодан қола медаль еншіледі
#qyzylordatv
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Нұрперзент Саматұлы 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы таэквондодан Қазақстан чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Ақтөбе қаласында өткен жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен екі жүзден астам спортшы қатысты.
Қазақстанның әр аймағынан келген 227 спортшы ел чемпионы атану үшін барын салды. Дүбірлі додада Нұрперзент Саматұлы жоғары шеберлік танытып, қола медаль қанжығалады. Бұл жетістік жас спортшының мансабындағы тағы бір маңызды белес болып отыр. 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты екінші рет өткізілуде. Мұндай жарыстар жас таеквондошыларға тәжірибе жинақтап, кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді. Университ ұжымы спортшыны жетістігімен құттықтап, табыс тіледі.