Облыстық тексеру комиссиясының құрылғанына – 15 жыл
#qyzylordatv
Биыл облыстық тексеру комиссиясының құрылғаныны – 15 жыл. Осыған орай Достық үйінде салтанатты шара өтті. Облыс әкімі сала қызметкерлі мен ардагерлерін мерейтоймен құттықтап, қаржыны тиімді бақылауға қосқан елеулі үлестері үшін ризашылығын білдірді.
Он бес жыл. Бұл қаржы сақшылары үшін кәсіби кемелденудің жарқын кезеңі. Облыстық тексеру комиссиясы осы уақыт аралықта ауқымды жұмыс атқарды. Атап айтқанда 423 мемлекеттік аудит іс-шарасы жүргізіліп, 3230-дан аса аудит объектісі қамтылды. Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 2 трлн 55 млрд теңгеден асты. Ал анықталған бұзушылықтардың көлемі 393 млрд теңгеден жоғары. Шарада облыс әкімі тексеру комиссиясының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ұжымға алғыс айтып, бюджет тәртібін нығайтудағы ерекше еңбектеріне тоқталды.
Мереке мезіретінде сала мамандары мен ардагерлері марапат төрінен көрінді. Солардың бірі – Нұрлан Сейтпанов. Облыстық тексеру комиссиясының бас инспекторына Президент атынан Алғыс хат табысталды. Ол қаржы саласында қырық жылға жуық еңбек етіп келеді.
Қаржы саласының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге облыстың ең жоғарғы наградасы «Құрмет граматосы» мен «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі табысталды. Жиын соңында, өнерпаздар сала қызметкерлеріне әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.