Медицинадағы цифрландыру: 31 млрд теңге үнемделді
#qyzylordatv
Медициналық ақпараттық жүйелер бір экожүйеге біріктіріледі. Премьер-министр Олжас Бектенов денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тексеріп, жасанды интеллект жобаларымен танысты.
Бүгінде 23 түрлі жүйеден бірыңғай e-Densaulyq экожүйесіне көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде 21 мыңнан астам медициналық ұйым, 221 мың медициналық техника және 257 мың медицина қызметкері туралы дерек цифрландырылды. Ал медициналық жүйеден 1 миллион 400 мың рецептке қатысты 400 мың ескірген пациент картасы шығарылған. Нәтижесінде 31 миллиард теңге көлеміндегі шығын үнемделді.
ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Мың сан ақпараттық жүйелердің орнына бір экосистема жасап жатыр. Бұл e-Densaulyq экосистемасы. Оның 7 компоненті бар. Соның бесеуі іске қосылды. Жұмыс істеп жатыр. Екеуі жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарланып отыр. (00:49-01:06) Қазақстандағы барлық медициналық ұйымдар, субъектілер, кадрлық ресурстар, лицензиялар, медициналық техникалар, бәрін бір жерге инвентаризация жасап, бақылауға жинап отырмыз
Цифрлық бақылау нәтижесінде лицензиясы жоқ 38 медициналық ұйым анықталып, оның 27-сі жұмысын тоқтатты. Ал сертификат мерзімі аяқталған 2 мыңнан астам медицина қызметкері уақытша жұмыстан шеттетілді. Жаңа жүйе жалған медициналық қызметтерді тіркеу, қайтыс болған азаматтарға қызмет көрсету секілді фактілерді анықтауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект КТ, МРТ және маммография нәтижелерін талдап, диагностика уақытын төрт есе қысқартып, патологияны ерте анықтауға көмектесіп жатыр. Ал телемедицина арқылы 2 миллионнан астам адам қашықтан медициналық қызмет алған. Оның 39 пайызы – ауыл тұрғындары. Дәрі-дәрмек саласында да цифрлық бақылау күшейген. Қазірдің өзінде 1 миллиардтан астам дәрі қаптамасы таңбаланды.
БАУЫРЖАН ЖҮСІПОВ, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Дәрілік заттарды таңбалау цифрлық жүйесі арқылы халыққа тегін берілетін 26 мыңнан астам дәрі-дәрмектің дәріханаларда сатылғанын анықтадық. Бұл бойынша арнайы тексеру жұмыстарын ұйымдастырдық. Қазіргі таңда 106 медициналық ұйым мен дәріханалар тексерілді. Соның ішінде 60-тан астамына біз 20 млн-нан астам штраф салдық. Материалдарды құқық қорғау орындарына жолдадық