Негізгі Жаңалықтар Тексеру комиссияларының қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды

Тексеру комиссияларының қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды

#qyzylordatv 

Биыл мемлекеттік аудит жүйесі үшін қос мереке. Жоғары аудиторлық палатаның құрылғанына – 30 жыл, облыстық тексеру комиссияларының құрылғанына – 15 жыл. Мерейтойлық датаға орай облыс орталығында республикалық семинар-кеңес өтті.


 Мемлекеттің әрбір қаржысын тиімді пайдалану, оның жұмсалуын қадағалау бағытында облыстық тексеру комиссиялары заң аясында жұмыс атқарады. «Тексеру комиссияларының қызметін жетілдірудің негізгі мәселелері» тақырыбында өткен семинарда мемлекеттік аудит саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, сала мамандары тәжірибе алмасты. 


 МҰРАТ ТЛЕУМБЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

 Осы жылдар ішінде облыста тексеру комиссиясы өңірдің мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау жүйесінің қалыптастырылып, орындалуына елеулі үлес қосты. Комиссия қызметінің негізгі бағыты – бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын бағалау, қаржылық тәртіпті нығайту, мемлекеттік бағдарламалар мен бюджеттік жобалардың нәтижесін саралау.


Жиында Жоғары аудиторлық палатада қолданылатын әдістемелік құжаттар жүйесі, сыртқы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық өзгерістер мен даму бағыттары айтылды. Сондай-ақ мемлекеттік аудит органдары арасында тәжірибе алмасу, шетелдік тәжірибені зерделеу мәселелері қозғалды.


АҚБАЯН ӘЛІМБАЕВА – ҚР ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бізде тең тексеру деген бар. 5 жыл сайын жоғары аудит орталығының жоғары аудиторлық тексерісіне жатамыз. Биыл бізде Түркия, Литва, Португалия мемлекеттерінің жоғары аудиторлық палатасынң өкілелдері тексеру жүргізді. Сол тексеру нәтижесінде біздің жоғары аудиторлық палатаның қызметі иссай, интасай стандарттарына сай барлық әдіснамалық қызметі сәйкес келеді деген оң қорытынды баға берілді.


2011-2025 жылдар аралығында облыс бойынша тексеру комиссиясы тарапынан жалпы 423 іс-шара жүргізілген. Мемлекеттік аудитпен 3 мыңнан астам объекті қамтылған.


МҰСА ҚАЛДАРБЕКОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 Осы 15 жылда экономиканың дамуына, қаражаттың тиімді пайдаланылуына үлкен тексеру комиссиялары үлес қосты деп санаймын. Бүгін 15 жылдық аясында семинар өтті. Бұл жерде аудит саласының тиімділігін қалай арттырамыз, болашақта қандай бағыт-бағдар аламыз, олардың бәрін талдап, өзімізге бағыт-бағдар жасадық.


Жиынға 15 өңірден облыстық тексеру комиссиясының өкілдері қатысты. Кездесу соңында сала мамандарын өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. 


Бөлісу