21 ғасыр - жаңа ақпараттық технологиялар кезеңі. Сондықтан жастар заман ағымына ілесіп, тың жобаларды жүзеге асыруға құштар. Қызылордада осы орайда ерекше қабілетті, таным көкжиегі кең, озық ойлы оқушыларды қолдауға арналған «SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON» ІТ жобалары байқауы өтті. Қызықты шараға 250-ден астам жас қатысып, өздерінің жобаларын көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды "Қызылорда" телеарнасы.

Дәулет Әбдіқадіров қаладағы №101 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы. Жаңа технологияға құштар жеткіншек әскери салаға қажетті «Мино Рейнджер» дайындаған. Жобаны жасауға 2 айдай уақыт жұмсадым дейді.

ДӘУЛЕТ ӘБДІҚАДІРОВ – БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ

"Бұл робот қарулы қақтығыстардан кейінгі аймақтардағы жарылмаған миналар мен оқ-дәрілерді іздеуге бағытталған. 00:52-/ Бұл процесте маңызды рөлді «Esp» камера технологиясы атқарады. Бұл камера арқылы минаны айтарлықтай қашықтықта анықтай аламыз."

«SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON» ІТ жобалары байқауына биыл 250-ден аса жас қатысты. Ұйымдастырушылар байқаудың аясы жыл сайын кеңейіп келе жатқанын айтады. Әсіресе, ауыл-аймақтан жоба ұсынған жастар қатары көбейген.

СӘБИТ ИБАДУЛЛА – ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

"HACKATHON-ның бағыты қазір әлемде транд болып жатқан жасанды интелект болып жатыр. Жалпы, HACKATHON үш секциядан тұрады. Оған моделдеу, әзірлеу және контент медиа бағытында өтті. Осыған балалар қатысып, керемет жобаларын таныстырды. Жылдан жылға балалардың деңгейі көтеріліп келеді."

Байқау қорытындысымен 3 қатысушы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім грантын иеленсе, қалған жүлдегерлер қаржылай сыйлықпен марапатталды. Жалпы, бұл аймақтағы ІТ саласын дамытуға арналған жалғыз байқау емес. Бұған дейін «Pecha Kucha Қызылорда» интеллектуалды кеші өткен болатын. Ал жыл соңына таман InnoFest Kyzylorda инновациялық жобалар фестивалі ұйымдастырылмақ.