Негізгі Жаңалықтар Мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі

Мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі

#qyzylordatv 

Енді мұғалімдеге сабақ сағатын директорлар емес, жасанды интеллект бөліп береді. Елде ұстаздар арасында жұмысты әділ әрі тең бөлетін жүйе жасақталып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметте айтты. 


  «Қазір мәселен, бір педагогке 16 сағат беріледі, екіншісіне 24 сағат бөлінеді. Кей директорлардың әділетсіз шешімінің кесірінен педагогтердің арасында жиі дау шығатыны да жасырын емес», дейді ведомство басшысы. Жасанды интеллект оқушыларға да көмек бермек. Бұдан былай олар мектепке ауыр сөмке тасып жүрмейді. Барлық оқулық бір базаға салынып, электронды форматқа ауысады.  


 ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ 

 Шынтуайтында бірде бір мұғалім директорге сағат үшін байсыбайлы болмауы керек. Бұл менің принципиалды ұстанымым. Сондықтан да мұны шешетін тек қана цифрлықтехнологиялар, жасанды интеллект деп ойлаймын. Сондықтан оқу-ағарту министрлігі қазір лмс деген жүйе бар орта білім жүйесін іске қосып жатыр. Жалпы оқу саласы түгел цифрландырылады

Бөлісу