Негізгі Жаңалықтар Коммуналдық қызметтерге төлемақы жүйесі ашық әрі қолжетімді болуы тиіс

Коммуналдық қызметтерге төлемақы жүйесі ашық әрі қолжетімді болуы тиіс

#qyzylordatv 

Коммуналдық төлемдер бойынша тұрғындар тарапынан айтылып жатқан шағымдарға қатысты мәселені облыс әкімі жылы жауып қоя салмады. «Алсеко» мекемесінің өкілін арнайы қабылдап, мәселенің мән-жайын ашып айтуды талап етті. 


 Қаңтар айында коммуналдық төлемдерді біріктіруді бастаған «Алсеко» мекемесінің жұмысы әлі де ашық әрі қолжетімді болмай тұрған жайы бар. Есеп айырысқан тұтынушылар төлемдер тағы қайталанып келіп жатқанын, көрсетілген сома мөлшері көп екенін айтып та, жазып та жатыр. Аталған компания өкіліне осы өзекті мәселер бойынша өңір басшысы олқылықтарды жоюды талап етті


 МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ 

Сіздер барлық коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелермен бірлесе, тізе қоса отырып, жұмыс істеулеріңіз керек. Халықты әбіржітпей. Төлемақы барысында әрекет алгоритмі түсінікті, қарапайым болуы шарт. Тұтынушы қандай қызметке қанша төлеп отырғанын білуі керек. Бәрі ашық болуы тиіс. Осы бағытта жүйелі жұмысты жедел жүргізіңіздер!


Не десек те, Алсеко қазіргі орын алып жатқан кемшіліктерді жоюы тиіс, тұрғындарға жедел әрі ашық сипатта қызмет көрсетуі шарт. Бұдан бөлек, мекенжайлар бойынша да әлі де шатасушылық бар, коммуналдық мекемелердің базасындағы деректер де сәйкестендіруді талап етеді. 


 АЛЕКСЕЙ БОЗЖАНОВ – «АЛСЕКО» АҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ 

Қазір өзекті мәселенің бірі – мекенждайларды дұрыстау. Және барлық қызмет көрсетушілердің деректер базасын бір ізге түсіру. Облыс әкімі бұл істі тиянақтауды талап етіп отыр, ол түсінікті де, себебі – бірегей төлем операторы – біз. Біз бұл жауапкершілікті өзімізге аламыз. Әрекет жоспарын әзірлейміз. Мен шамамен неден бастайтынымызды түсініп тұрмын. Сосын барлық коммуналдық меншік иелерімен – КРЭК, ТЭЦ, Су жүйесі, Қызылорда тазалығмен деректерді сәйкестендіреміз. Сосын бәрі реттелед деп ойлаймын. Көп мәселе мекенжайға қатысты, соны реттесек, бәрі түзелед деген ойдамын.


Облыс әкімі тез арада барлық олқылықты жойып, коммуналдық қызметтер төлемақысын бір жүйеге түсіруді тапсырды.

Бөлісу