Негізгі Жаңалықтар «QYZYLORDA EXPEDITION»: Көне шаһарларда түсірілім жалғасуда

«QYZYLORDA EXPEDITION»: Көне шаһарларда түсірілім жалғасуда

#qyzylordatv 

«Qyzylorda» телеарнасының авторлық жобасы «QYZYLORDA EXPEDITION. Өшкен өркениеттер ізімен» деректі фильмдер сериясының жаңа маусымы жалғасуда. Қазіргі таңда түсірілім тобы төрт қаланың төңірегіндегі тарихи жәдігерлерді таспалап, ғалымдардың құнды деректеріне қанықты.


 Бұл жолы жобаның түсірілім тобы мыңдаған шақырымды артқа тастап, ежелгі қалалардың орнын көзбен көріп, тың деректерді елге ұсынуды мақсат етіп отыр. Экспедиция құрамында журналист, операторлардан бөлек, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшылары, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының мамандары бар. Кезекті маусымда сақтар салтанат құрған Сеңгіртам кешені мен оғыздардың ордасы болған Жент, хандық дәуірдегі Орқала, Орынбай қалаларында түсірілім жасады. Енді түсірілім жұмыстары Алтын Орда мәдениеті саналатын Асанас пен Баршынкент қалаларында жүргізілмек. 


Бөлісу