Мұнай өңдеу зауытынан өрт шықты
#qyzylordatv
Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытында өрт шықты. Жалын шамамен 120 тонна мұнай өнімі сақталған екі резервуарды шарпыған. Өрт кеше сағат 16:30 шамасында Шоқай көшесінде орналасқан нысанда басталған.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мұнай өңдеу зауытындағы өртті сөндіріп, жанындағы үш резервуарды аман сақтап қалды. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде резервуарлар ашық жалынмен жанып, төңірекке таралу қаупі туындаған. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, көршілес резервуарларды қорғау үшін тасымалды лафеттік оқпандар беріліп, көбікпен шабуыл жасалды. Қызыл жалынды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің, өзге де қызметтердің жеке құрамынан 60 қызметкер мен 18 техника жұмылдырылды. Қосымша өрт сөндіру пойызы тартылған. Екі сағат шамасында 200 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.
ЖАСҰЛАН ТҮЙМЕНОВ - ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
2026 жылғы 7 қыркүйекте 16 сағат 25 минутта Қызылорда қаласы Шоқай көшесі 305 мекенжайда «Қызылорда Рефайнери» ЖШС аумағында өрт оқиғасы орын алды.Объект аумағында 32 дана резервуар орналасқан. Соның ішінде сыйымдылығы60 тонналық екі резервуарда өрт оқиғасыорын алды. Өрт 18 сғаат 20 минутта оқшауланып, 18:25-те толық сөндірілді.Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт бойынша тергеп тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Өрт сынақ зертханасы тағайындалды