Негізгі Жаңалықтар Аймақ басшысы жол инфрақұрылымы нысандарын аралады

Аймақ басшысы жол инфрақұрылымы нысандарын аралады

#qyzylordatv 

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы жол инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. 


 Аймақ басшысы алдымен Тасбөгет кентіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысын көрді. «УАД» серіктестігі жүзеге асырған жобаға 5,1 млрд теңге қаралған. Аталған қаржыға 4,4 шақырым көше жөнделіп, Есенов және Амангелді көшелері төрт жолақты етіп кеңейтілуде. «Бәйтерек» шағын ауданы мен қала орталығын байланыстыратын маңызды инфрақұрылым нысаны – оңтүстік магистральды каналы арқылы өтетін жаңа көпір. Көпір құрылысы толық аяқталған, ұзындығы – 53 метр, ені – 7 метр, екі жолақты. Толық жарықтандырылған, көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасалған. Құрылысты «Асанас-Дар» серіктестігі жүргізді. Жол активтері сапасы ұлттық орталығының жылжымалы зертханасы көпірдің беріктігі мен сапасын арнайы бақылаудан өткізді. Сондай-ақ облыс әкімі Сағымбаев көшесін Торайғыров көшесінен «Қызылорда-Құмкөл» автожолына дейін қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Екі шақырымнан астам көшенің төрт жолақты болып кеңейтілуі көлік ағынын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2022-2026 жылдары облыста 1700 шақырым автомобиль жолы мен 35 көпір өткелін салу және күрделі жөндеуге шамамен 185,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 82 пайыздан 95 пайызға дейін артты.


Бөлісу