«Байқоңыр» кешеніндегі Ресей ішкі істер министрлігі басқармасының үздіктері марапатталды. Іс-шара Ресей Федерациясының полиция қызметкерлері күні аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды "Қызылорда" телеарнасы.

Аталған басқарманың қалыптасуы ғарыш айлағының құрылу тарихымен тығыз байланысты. Ресей Федерациясының iшкi iстер басқармасына Байқоңыр қаласының аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін және тұру тәртiбiн қамтамасыз ету жүктелген. Ал, екі мемлекеттің құқық қорғаушыларының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң өкiлдiгiне жүктелген. Ресейлік мекемеде бүгінде 500-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Мереке аясында олардың бірқатары марапат төрінен көрінді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай қатысып, тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

ҚАЙРАТ НҰРТАЙ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАЙҚОҢЫР КЕШЕНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ӨКІЛІ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Байқоңыр - ерекше қала. Әлемдегі бірден-бір кешен. Мұнда талап та тапсырма да жоғары деңгейде. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы министрліктерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде Байқоңыр кешенінің қауіпсіздігін қамтаматсыз ету мәселесі жолға қойылған."

НИКОЛАЙ АДАСЕВ - БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Байқоңырда Ішкі істер органдары ардагерлерінің қалыптастырған жақсы дәстүрі бар. Қызметке деген адалдық,жанашырлық, халықпен тығыз байланыс."