«Қызылорда» телеарнасы «Жаңалықтар» жүргізушісіне кастинг жариялайды. Іріктеу қарашаның 15-сі мен 30-ы аралығында өтеді. Кастингке 25 пен 40 жас аралығындағы жігіттер мен қыздар қатыса алады.

Қатысушыларға қойылатын талап: жоғары білімді, телевизия талаптарына сай көркі, тіл тазалығы болуы шарт.

Кастинг үш кезеңнен тұрады. Іріктеудің бірінші кезеңінде қатысушылар инстаграм парақшаларында арнаның @QYZYLORDATV аккаунтын белгілеп, #qyzylordatvcasting хэштегімен 1 минуттан аспайтын видео жариялап, өздерін таныстырады. Не себепті тележүргізуші болғысы келетінін негіздей алуы керек. Іріктеудің екінші кезеңінде «Жаңалықтар» қызметінің студиясында түсірілім жүргізіледі.

Ал, Іріктеудің үшінші сатысы Instagram желісіндегі live режимінде жүзеге асады. Конкурстың жеңімпаздарын арнайы сарапшылар тобы анықтап, желтоқсанның бірі күні жарияланады.

Егер Сіз тележүргізуші болуды армандап жүрсеңіз, кастингке қатысуға асығыңыз!