Бүгін – Халықаралық телевизия күні. Әлемнің миллиардтаған халқы телевизиясыз өмірді елестете алмайды. Тұңғыш рет бейнені алыстан көру, яғни телевидениенің нышандары XX ғасырдың отызыншы жылдары пайда болды. Алғашқы телехабар Лондонда 1936 жылы таратылған. Міне, содан бастап әлемде телевизия саласы қарыштап дамып келеді.