Қызылордалық спортшы Диас Қарман Португалияда өткен кикбоксингтен Әлем чемпионы атанды.

Байрақты бәсекеге 70 мемлекеттен 600-ге жуық спортшы қатысқан. Албуфейрадағы аламанда жерлесіміз 4 кездесу өткізді. Алғашқы жекпе-жегінде Түркіменстан спортшысын тізе бүктірсе, онан соң, Украина және Сербия спортшыларынан басым түсті. Ал, финалда өзбек кикбоксерін 3 те 0 есібімен жеңді. Ендігі кезекте, Диас Қарман Вьетнамда өтетін Азия чемпионатына дайындалады.

ДИАС ҚАРМАН – КИКБОКСИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

/Оңай болған жоқ. Бірақ, шүкір еңбек ақталды. Әсер жақсы, керемет. Барлық спортшының арманы сол – әнұранды шырқату. Бұл жеңісті әкеме арнаймын. Отбасыма арнаймын. Болашақтағы мақсатым еңбек сіңірген спортшыны алу. Кикбоксинг олимпиада ойындарына кіріп, жақсы результат көрсетіп... Мақсат сол/

ҚАЙРАТ БАЙҚУАТОВ – КИКБОКСИНГТЕН ОБЛЫСТЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

/Дайындық өте жақсы болды. Екі оқу-жаттығу жиындары өтті. Бір ай бойы дайындалып, осындай үлкен жетістікке жеттік. Келесі жылы Азия чемпионаты бар. Соған үлкен дайындық болады/