Тасбөгет кентінде жаңадан салынып жатқан нысан ішіне ұрлыққа түскен тұрғын ұсталды.

Күдікті ғимарат ішіне пластик терезені күштеп ашып кіріп, құрылыс заттарын қолды еткен. Жәбірленушіге 120 мың теңге көлемінде шығын келді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, өз қылмысын мойындаған. Ол ұрланған заттарды сатып, пайда көргісі келгенін айтқан. Күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.