Елімізде қызылша бойынша ахуал күрделі. 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 15 бала бар.

Бұл туралы үкіметте денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Оның айтуынша, тек бір ғана қараша айында 6 мыңнан астам қазақстандық қызылша жұқтырған. Ал, премьер-Министр Әлихан Смайылов қызылшамен күреске жергілікті әкімдер белсенді атсалысуы керектігін айтты. Яғни, белең алып бара жатқан аурумен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет», – деді. Сондай-ақ, премьер-министр екпе алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

//«Мұндай қауіпті вируспен вакциналаудан өзге жолмен күресу мүмкін емес. Сондықтан екпе алуды күшейту қажет. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту КЕРЕК.//