Облыстық филармония жанындағы «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы бүлдіршіндерге тамаша тарту жасады. Жаңа жыл қарсаңында қызылордалық кішкентай көрермендер жаңа қойылымның куәсі болды.
Айпаруз, үрейлі қорқыныш. тынымсыз бұзау мен қоңыр қозы және осы жылдың иесі саққұлақ қоян. Олар осы қойлымының басты кейіпкерлері. Құмырадан шыққан «үрейлі қорқыныш» балақайларды сұраққа алып, жасыл шырша жанындағы кештің шырқын бұзбақ болады. Алайда, түрлі тілек орындайтын Айпаруз жағымсыз кейіпкердің жолын кесіп, кешке жиналған балалармен бірге үрейлі қорқынышты құмыраға қайтадан қамап тастайды.
Достықты ту еткен бұл туынды балалардың көңілінен шықты. Содан соң думанды кештің негізгі кейіпкері Аяз ата мен жаңа жылдың иесі Ұлу ортаға келіп, шырша мерекесінің шырайын ашты. Балақайлар жаңа жылдық тақпағын айтып, өз өнерлерін көрсетті.
«Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы облыстық филармония жанынан 2016 жылы құрылған. Содан бері сырбойылық бүлдіршіндерді түрлі қойылымдармен қуантып келеді.
ҚҰРМАНБЕК БОРАНБАЕВ – БАЛАЛАР МУЗЫКАЛЫҚ ТЕАТР-СТУДИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ 1:00-/Біз балалармен тығыз араласамыз. Біздің кішкентай көрермендеріміз. Жылда бізді күтеді ғой. Жыл да біз де балаларды күтеміз. Бізде 30-40-тай қойылым бар.
ҚАЙРАТ ӘБЖАЛИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ ӘРТІСІ 00:35-/ жалпы, театрымыздың мақсаты балаларға тағылымды тәрбие бере отыра, көрерменнің көңілін көтеру. Балаларға жаңа жылдық атмосфера сыйлау. Балалардың көңілінен шығып жатыр. негізгі мақсат-миссиямыз да сол.
Осылайша, бүлдіршіндер керемет кештің куәсі болды. Оған қоса, алыстан келген Аяз ата балақайларға түрлі тәттілер үлестірді. Айта кетейік, облыстық филармония кішкентай көрермендерді келер жылы да қызықты қойылымдармен қуантпақ.