#qyzylordatv #заңментәртіп
"Заң мен тәртіп" апталығы аясында облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінде ашық есік күні өтті. Іс- шараға сала ардагерлері, белсенді жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Ашық есік күнін өткізудегі мақсат –қоғамды департамент қызметімен таныстырып, ашық әрі сенімді байланыс орнату. Осы орайда департаменттің материалдық-техникалық мүмкіндіктері таныстырылып, криминалистикалық құрал-жабдықтардың көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар интернет-алаяқтық, қаржы пирамидалары, «дропперлік» қылмыстар сынды жаңа сипаттағы қаржылық құқықбұзушылықтармен күресте қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдер туралы тың ақпарат алды. Шағын интерактивті ойынға атсалысып, қаржылық сауаттылық тақырыбында пікір алмасты.
Сонымен қатар қоғамдағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес және қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды ақпараттандыруға үлес қосып жүрген бір топ қаламгер марапатталды. Мамандар бұл бастама қоғам мен мемлекеттік құрылым арасындағы сенімді нығайтып, түрлі қылмыстардың алдын алу мүмкіндігін арттырады деп отыр.
ҚАЙРАТ АХМЕТОВ — ОБЛЫСТЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ // Қаржылық пирамида алаяқтық схеманың бір түрі болып саналады. Департаментпен соңғы 3 жылда заңсыз 14 қаржылық пирамида анықталып, 654 салымшыдан 376 млн теңге заңсыз пайда тапқан. 14 тұлғаға қатысты сотпен үкім шығып, қазіргі таңда 301 млн теңге мүлкі тәркіленді. Сонымен қатар, Астана қаласында 7 пәтер мен 1 жеңіл көлік мемлекеттік бюджетке айналдырылды. Қазіргі таңда қаржылық алаяқтықтың алдын алуда заң мен тәртіп акциясы жүргізілуде //