#qyzylordatv #заңментәртіп

«Заң мен тәртіп» апталығы аясында облыстық полиция департаментінде «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Аталмыш бастама барысында саладағы жаңашылдықтар жұртшылық назарына ашық ұсынылып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 Соңғы жылдары өңір полицейлерінің техникалық базасы айтарлықтай жаңартылды. Осы орайда ашық есік күнінде департаменттің заманауи бағыттағы бастамалары таныстырылып, арнайы көліктер мен криминалистикалық құрал-жабдықтар көрмесі ұйымдастырылды. Бұл бетбұрыс полиция жұмысының ашықтығын және қоғаммен тығыз байланыстың орныға бастағанын айғақтайды. Көрмеде криминалистикалық зерттеулер турасында бірнеше практикалық оқиғалар таныстырылды. Сондай-ақ, жаңа техникаларды қолдану тәсілдері көрсетіліп, келушілерге полиция қызметкерлері тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.