#qyzylordatv

Ауылдағы учаскелік полицейлердің бір жылдық еңбек өтілін 1,5 жыл деп есептеу қажет. Сондай-ақ Мекемелік наградалар қызмет бабында қаза болған қаһармандардың есімімен аталуы керек. Мемлекеттік қызметшілер мен полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, кеңейтілген алқа мәжілісін өткізген Президент осылай деді. Жиында тағы қандай маңызды мәселелер көтерілді? Келесі бейнематериалда.

 Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет. Осылай деген Президент алдымен, мемлекеттік қызметшілер мен полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

- Бүгін елімізде – Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні аталып өтуде. Сондықтан, алдымен, еліміздегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мейрамдарымен құттықтаймын.

 Полицейлердің кәсіби мерекесі 2007 жылдан бері аталып өтіледі. Бірақ, биыл тұңғыш рет құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиында барлық салада заң мен тәртіп орнатуға үлкен көңіл бөлініп отырғаны туралы айтылды. Мәселен 2019 жылдан бері қарақшылық, тонау, ұрлық пен бұзақылық 4 есеге төмендеген. Ал, кісі өлтіруге қатысты қылмыстар 30%-ға азайды. Қоғамдық орындардағы қылмыс саны 80%-ға кеміді.

  ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

- Келесі маңызды міндеттің бірі – отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес және әйелдер мен балаларды қорғау. Осы бағытта заңнамалық, институционалдық тұрғыдан батыл қадамдар жасалуда. Отбасылық зорлық-зомбылық жасағаны үшін берілетін жаза едәуір күшейтілді. Бір жыл бұрын тиісті заң қабылданды.