#qyzylordatv

Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай қала және жеті аудан арасында облыстық өнер байқауы басталды. Байқау шымылдығын Жаңақорған ауданы ашып, өнерпаздар қала тұрғындарына ән-жырдан шашу шашты.

  Қаратау етегіндегі жазиралы Жаңақорған тарихқа да, әсем табиғатқа да, талантты өнерпазға да бай өлке.

 УӘЛИХАН ИБРАГИМОВ – МАНАП КӨКЕНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Бізде ақиық ақындар, Манап Көкеновтың мектебінен шыққан, шығармашылығынан шыққан, ғасырда бір туатын әннің еркесі атанған Бексұлтан Бәйкенжеевтің шығармашылығынан, қазіргі таңда еңбек ардагерлерінің үлкен ақсақалы Бәйген Айсыновтың күйлерінен, оның бер жағында түрлі жанрда, мысалы көркемсөз оқуынан, би өнерінен, қазақ салт дәстүрін дамытып, ұлықты ұрпақтарымызға дәріптеу мақсатында алып келіп отырған жастарымыз өнерлерін паш етеді.

 «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы- Қызылордам» атты өнер байқауы биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Өнерпаздар кеш шымылдығын «Қызылорда – тұран дала тірегі» прологымен ашты. «Әлшекей» халықтық фольклорлық ансамблі күмбірлетіп күй төксе, аудан өнерпаздары әуелетіп ән салып, би биледі.

  БЕКТАС НҰРИДИНОВ – ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 00.37 Қала әкімдігі тарапынан өнер байқауы өтіп жатыр, өнер байқауды Жаңақорған өнерпаздары ашып жатыр, Жалпы 100-ге жуық өнерпаздар қатысуда, арнайы бірнеше автокөлік болып келдік, бас жүлде аламыз деп үміттенеміз

  Тартысты өнер додасы үшінші шілдеге дейін жалғасады. Күн сайын әр аудан үздіктері қала тұрғындарына арнап кеш өткізеді. Байқауды Қызылорда қаласының өнерпаздары қорытындылайды.

 ЖАҒЫПАР ТАЖМАХАНОВ – ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Қорытындысы, Құдай қаласа,төртінші шілде күні анықталады, домбыра күнімен сәйкестендіріп шығарылатын болады, кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасы бар, өнердің бірнеше бағыттары,жанрлары бойынша кәсіби мамандар баға береді, осыған сәйкес орындар беріледі, жүлде қоры 1 миллион теңге. Жалпы біздің қала тұрғындарына, қала қонақтарына бұл өнер тарту есебінде, бір жағынан қайта жаңғырған орталық алаңдағы серуендеп жүрген, тынығып жүрген қала қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында осындай жоба қолға алып жатырмыз.

 Қызылорданың төрінде өткен думанды кеш қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.