#qyzylordatv
Түлектер мемлекеттік білім грантына EGOV порталы арқылы құжат тапсыра алады. Ол үшін мектеп бітіруші электронды үкіметке тіркеліп, арнайы үлгідегі өтінішті толтыруы керек. Ал, дәстүрлі форматта құжат қабылдау Қорқыт ата Атындағы Қызылорда университетінің 5-ші оқу ғимаратында жүргізілуде. Биыл, жоғары оқу орны бакалавриаттың 81, магистатураның 46, ал, докторантураның 17 білім беру бағдарламасы бойынша талапкерлерді қабылдайды.
Аяулым Серік қаладағы Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің түлегі. Оның таңдауы – Қорқыт ата Атындағы Қызылорда университетіне түсіпті. Дизайнер болуды қалаған ол қабылдау комиссиясына келіп, құжаттарын тапсырды.
АЯУЛЫМ СЕРІК – ТАЛАПКЕР //Өзіме дизайнер мамандығы ұнайды. Сол себепті, еңбекке баулу және дизайнер мамандығына келдім. Құжаттарымның барлығын әкеліп тапсырдым. Енді, емтихан болады алды. Осы мамандықты бітіріп, өз мамандығым бойынша жұмыс істеймін болашақта//
Талапкерлерді оқуға қабылдау бірнеше кезеңді қамтиды. Қазір, бакалавриат бойынша білім грантының конкурсына шығармашылық емтихан тапсыру үшін құжат қабылдануда. Ал, ақылы негізде оқуға түсетіндер 15 тамызға дейін құжат тапсыра алады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты конкурсына қатысушы талапкерлердің құжаты 13 пен 20 шілде аралығында қабылданады.
МАРАТ АБЖАЕВ – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ //Қазіргі таңда шығармашылық емтиханға құжат қабылданып жатыр. 70-тей адам тапсырды. Арнайы педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасына арнайы емтихан тапсырылады. Оған 600-дей адам онлайн тапсырды. Егов арқылы білім грантына құжат тапсыра алады, ал қазіргі кезде онлайн өзіміздің сайтта және оффлайн форматта келіп тапсырып жатыр//
Ал, магистратураға түсушілерден 8-ші шілдеге дейін құжат қабылданып, 20 шілде мен 10 тамыз аралығында емтихан тапсырады. Докторантураның құжат қабылдау кезеңі 3-тамызға дейін. Олар емтиханды тамыздың 4 мен 20-сы аралығында тапсырады.