#qyzylordatv
Жалағаш ауданында қоғам тыныштығы мен мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз етіп жүрген сала мамандары кәсіби мерекеде құрметке бөленді.
Еңбек пен ел алдындағы міндет – екінің бірінің емес, екшелген маманның мойнына жүктелер жауапкершілік. Кәсіби мерекеге орай қос саланың 35-ке жуық маманына облыс және аудан әкімдерінің алғыс хаты мен құттықтауы табысталды.
ЭЛЬМИРА ҚҰТТЫМБЕТОВА – АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ //Мемлекеттік қызметкер болып, халыққа адал қызмет ету – бұл үлкен жауапкершілік пен зор сенім. Сондықтан мемлекеттік қызметшілерге кәсіби біліктілік, ел мүддесі үшін аянбай қызмет ету талап етіледі. Ел мүддесінен шығып, абыроймен қызмет атқаруды барлық әріптестеріме тілеймін.
Тілші: Жиында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған жас маман Нұргүл Нұрбек салтанатты түрде ант қабылдап, ел алдында абыройлы қызмет етуге уәде етті.
НҰРГҮЛ НҰРБЕК – ЖАС МАМАН Жалпы ант қабылдау кезінде қатты қобалжыдым. Себебі осындай дәрежеде ант қабыдау маған бұйырды. Көптен-көп алғысымды айтамын. Осы мемлекеттік ұқызметке келгеніме 3 ай болды. Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс жасаймын. Мамандығым заңгер. Өзіме мемлекеттік қызмет саласында жұмыс жасаған ұнайды.
Марапат төрінен көрінгендердің бірі - Мариям Ибраева. Ол аудандық полиция бөлімінде 32 жылдан бері қызмет етіп келеді. Кұжат айналымы мен заңнама талаптарын қатаң қадағалайтын маман әскери шені болмаса да, полицейлік қызметтің жүгін арқалап жүр.
МАРИЯМ ИБРАЕВА – АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚҰЖАТТАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ Жартылай полицейміз ғой енді ішінде жүргенен кейін. Қиыны да бар, қызығы да бар. Құжаттама жағынан нормативтік актілермен жұмыс істейміз. Күнделіті қанша азамттардан өтініш келіп жатыды. Оған жауап бергізу керек, Сроктары бар. ІІМ Құқтықтық статистика департаментінің бақылауында тұрады. Шатасу деген болмайды бұл жұмыста.
АСХАТ МҰХТАРҰЛЫ – АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталдық. Алғысымыз шексіз. Осы ретте әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймын. Олардың отбасына амандық, қызметтеріне амандық тілеймін. Полиция қызметі соының ішінде мемлекеттік қызмет оңай шаруа емес. Халықтың тыныштығын, қоғамның қауіпсіздігін мойнына арқалаған ауыр қызмет. Күні-түні қызмет жасап жатыр, әріптестеріміз.
Мемлекетке қызмет ету – уақыт пен жүйкені, білім мен парасатты талап ететін жол. Қоғамның сенімі мен тұрақтылығы дәл осы мамандардың иығында.