#qyzylordatv
Бүгін – Судья және сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай облыстық сотта салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада сот жүйесінің дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар сала мамандары марапат төрінен көрінді.
Қуатты әрі тәуелсіз сот жүйесі құқық үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру ісінде шешуші рөл атқарады. Судьялар мен сот саласы қызметкерлерінің білімі, іскерлік қабілеті, күш-жігері халықтың заңды құқығы мен ар-намысын қорғауға бағытталған. Осы тұрғыда кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған сот саласының озат өкілдеріне шара барысында «Судьялар Одағының Құрметті мүшесі», «Үш би», «Жеті жарғы» төсбелгілері және «Мінсіз қызметі үшін» медальдары табысталды. Сондай-ақ, үздік қызметкерлерге алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары ұсынылды. Ақтөбе қаласында өткен Судьялар Одағының XI спартакиадасында үздік нәтиже көрсеткен өңірлік команда мүшелері де марапат төрінен көрінді.