#qyzylordatv
Бүгін Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте иегері Досхан Жолжақсыновтың шығармашылық кеші өтті. Рухани сазды кешке аймақ басшысы арнайы қатысып, мәдениет майталманына Сыр жұртшылығы атынан құрмет көрсетті.
Досхан Жолжақсынов. Сан өнерді өн бойына сыйдырған талант иесі. Театрдың тарланы, кино өнерінің Құлагері. Жолжақсыновтың даңқты жолы сонау 1975 жылы түсірілген «Гауһартас» фильмінен басталады. Біржан сал, Құнанбай, «Көшпенділердегі» Қалден Серен, «Алтын күздегі» Мұрат, көрермен көзайымына айналған кейіпкерлер. Осындай қайталанбас рөлдерді сомдаған актердің ел руханиятына сіңірген еңбегі ерен.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ /// Д.Қалиұлы қазақ өнеріне айрықша еңбек сіңірген өнер қайраткері. Есімі аталса, әрбіріміздің көз алдымызға «Бандыны қуған Химит» фильмі келеді.
Мәдениет саласының майталманы бүгінге дейін театр мен кинода екі жүзден астам рөлдерді сомдады. Соның барлығы халықтың жүрегінде жатталды. Шығармашылық кеште қазақ киносының классикасына айналған фильмдерден үзінділер ұсынылды. Өнер қайраткері соңғы жылдары Сыр мәдениеті серпін алғанын айта келе, көпшілікке ризашылығын білдірді.
Даңқты актердің жары, белгілі әнші Қаракөз Сүлейменова. Рухани кеште жұлдызды жұп ән шырқап, елдің ыстық ықыласын иеленді.
Сахнаның жауһарына айналған жұптың ел руханиятына сіңірген еңбегі мол. Бірі көгілдір экран арқылы көрерменді тәрбиелесі, енді бірі әнімен әлдилеп келеді. Аймақ басшысы Досхан Жолжақсынов пен Қаракөз Сүлейменоваға қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіп, ел атынан алғыс айтты.