#qyzylordatv #заңментәртіп
Елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында, ал 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруіне тиым салынған. Осы орайда, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында қала көлемінде түнгі рейд ұйымдастырылуда.
Бір апталық рейдтік іс-шараның нәтижесінде 255 құқық бұзушылық анықталған. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуына жол бергені үшін 189 ата-анаға әкімшілік хаттама рәсімделді. Ал балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі өз міндеттерін орындамағаны үшін 16 ата-анаға қатысты әкімшілік шара көрілді. Сондай-ақ, жасөспірімдердің беймезгіл уақытта ойын-сауық орындарында жүруіне жол берген 3 кәсіпкерге де әкімшілік шара көрілді.
АЙДЫН ҚАЙРУЛЛАЕВ — ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ / Қаладағы ойын клубтарында жасөспірімдердің жүруіне байланысты бақылау жұмыстары жүргізілді. Осы ойын орынында 18-ге толмаған жасөспірім анықталды. Қазір тиісті полиция қызметкері ата-анасын шақырту арқылы тиісті хаттамалық рәсімдеу жүргізуде. Бұл жұмыстар одан әрі де жалғасын табады. Айта кету керек, қазір жаз мезгілі сондықтан да ата-аналар өздерінің балаларына бақылау жүргізіп, түнгі мезгілде қала көшелеріне түнгі 23:00 кейін бақылаусыз жібермеуге шақырамыз.