Қармақшыдағы 90 орындық «Айгөлек» балабақшасы күрделі жағдайда. Ғимараттың едені отырып, қабырғалары сөгілген. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов нысанды аралап, кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Сондай-ақ балық цехын сыртқы электр желісімен қамтамасыз ету жұмыстарының да өз деңгейінде орындалмағанын айтты.

АСҚАР ТӘЖИЕВ – ТІЛШІ

//Бұл Қармақшы ауданындағы 90 орындық «Айгөлек» балабақшасы. Ғимарат 2017 жылы пайдалануға берілген. Сапасы сын көтермегендіктен мердігер тарапынан екі рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазір ғимараттың іргетасы отырып, қабырғалары сөгіліп тұр. Осыдан екі жыл бұрын апаттық деп танылған нысанға күрделі жөндеу жұмыстары қажет. //

Ғимаратқа қатысты тиісті мекемелер тарапынан техникалық сараптама да жүргізілген.

"Зерттеп қарау жұмыстарын тапсырған болатынбыз. 25 тамызда Ли-Ан акредиттелген мекемесін тартқан. Қорытынды берген осы бойынша тіреу конструкциялары қанағаттанарлық жағдайда деген, ішкі аралық қабырғаларынқайта бұзып, ішкі еденін нығыздау арқылы қайта қалпына келтіру қорытындысын берген."

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов балабақшаны толықтай аралап көріп, техникалық сапартаны қайта жасауды тапсырды. Мердігер мекеме басшысы «нысан сапасының сыр беруін жер асты суының көтерілуінен», - дейді.

БАҚЫТЖАН ШАМАҚОВ – «АҚМЕШІТ-МЕЛИОРАТОР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

//2017 жылы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасына тапсырылды. Құрылыс жұмыстарында ешқандай кемшіліктер болған жоқ. Сол себепті қабылдады заказчик. 2018 жылы жер асты суларының көтерілуіне байланысты қабырғаларды жарылуы, отыруы болғандықтан келісім шарттың кепілдік мерзіміне сәйкес, ақмешіт мелиоратор мекемесі өз қаражатына жөндеу жұмыстарын жүргізді. 2019 жылы тағы да осындай жағдай қайталанды. Бірінші қабаты балабақшаның толық фундаменті бұзылып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп бердік өзіміздің қаражатымызға. Одан кейін біздің кепілдік мерзім біткеннен кейін тағыда қайталанып отыр осы жағдай.//

Аралық қабырғалардың ажырауы бір емес үш рет орын алса, да ғимараттың техникалық жағдайына сараптама жүргізген мекеме «күрделі жөндеуге жатады» деп қорытынды берген. Данияр Еренғалиұлы балабақшаға қатысты толықтай зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

//Кім құжаттарын қол қойған осы жерде, кім осыған рұқсат берді, кім осыған тағы да қосымша шығын шығартқызды? Бүкіл құжаттарын жинап, мәліметтерін дайындаңыздар. Тиісті органдарға береміз. Не сұмдық мынау?//

Қармақшы ауданындағы тағы бір түйінді мәселе – балық цехын сыртқы электр желісімен қамтамасыз ету. Электр желісі ІІІ Интернационал ауылынан 34 шақырым қашықтыққа жеткізіліп, трансформатор қойылған. Алайда мердігер өзіне алған міндеттемелерді әлі де орындамай отыр. Тиісінше кәсіпкер де жобаның созбалаңға салынуынан өз міндетін іске асырмай отыр.

//Мемлекет 278 млнға ақшасын бөлген екен, мен қазір сал десеңіз қазір салып беремін. Светіңіз дайын болмаса неге мен қарызға кіруім керек?Мен еңбекшілердің айлығын беріп отырмын. Бір адамнан шағым түскен жоқ. Мен өз тарапымнан мемлекетке, местный исполнителный органға ризамын. Үіметтің беріп жатқан көмегіне ризамын. Тек мынаны жүргізіп беріңіздер цехтың бәрін салып беремін.//

Данияр Жаналинов үш жылдан бері электр желісін жеткізе алмаған мердігерге қатысты құжаттарды заңды түрде қарауды тапсырды. Ал кәсіпкер өз міндетін бірінші тамызға дейін орындауға уәде етті.

///Біздің тарапымыздан егер электр желісі қосылса, кәсіпкер өз қызметін мерзімінде орындап береміз.///

Балық өңдеу цехы іске қосылса 40 адамға тұрақты жұмыс болмақ. Сонымен бірге кәсіпкер технолог, ихтиолог секілді мамандардың тапшы екенін жеткізіп, бірге дайындау жөнінде ұсынысын білдірді.