Жаңақорғанда кен байыту фабрикасы салынады. Елді мекендерді газдандыру, ауыз сумен қамту, электр желілерін жаңғырту жұмыстары да жалғасын таппақ.
Жаңақорғандағы ең өзекті мәселенің бірі – халықты электр қуатымен үздіксіз қамту. Ол үшін былтыр республикалық бюджеттен 857 млн. теңге бөлініп, Келінтөбе, Қожакент, Еңбек ауылдарының электр желілері жаңғыртылды. Ал, биыл 9 елді мекеннің электр сымдары ауыстырылып, жаңадан подстанциялар қойылады.
МҰРАТ ТІЛЕУМБЕТОВ – ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ \Қалған 7 елді мекенді «Ауыл – ел бесігі» арқылы, қалған бесеуін тиісті министрлікпен аламыз деген жоспарымыз бар. Сонда 20 елді мекеннің жарығы жыл соңына дейін толық жаңартылады. Бұл тозығы жетіп тұрған 80 пайыздан 25 пайызға дейін түсіруге мүмкіндік береді \
Ауылдарды көгілдір отын мен орталықтандырылған ауыз су желісіне қосу жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен, былтыр Жайылма, Шалқия, Құттықожа, Кейден ауылдарына газ кірсе, биыл төменарықтық тұрғындар көгілдір отынның игілігін көретін болады.
МҰРАТ ТІЛЕУМБЕТОВ – ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ \Ендігі мақсат Шиелінің шекарасынан бастап Төменарыққа дейінгі орналасқан бес елді мекенді сол жүргізілген труба арқылы газға қосатын боламыз. ...\
Жалпы 2024 жыл Жаңақорған ауданы үшін инвестициялық жобалар жылы болмақ. Соның ішінде ең ауқымдысы - жыл соңына дейін ауданда құс етін өндіретін фабрика мен кен байыту фабрикасын ашу көзделіп отыр.