Бүгін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Онда көпшілікке қоғамдық орындарда бетперде тағу ұсынылып отыр. Бұл қызылша, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын шектеу үшін қолға алынған. Ал өңірдегі эпидемиологиялық ахуал қалай?

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ

//Бас мемлекеттік санитардың қаулысында сәйкес көпшілікке ойын-сауық орындарда, базарларда және қоғамдық көліктерде бетперде тағу ұсынылған. Ал міндетті маска кию режимі мен антисептиктердің болуы Қазақстанның медициналық ұйымдарына енгізілді. Бұл шараларды үйлестіру жергілікті денсаулық сақтау басқармалары мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жүктеліп отыр. «Әзірге аймақта эпидахуал тұрақты» дейді басқарма басшысы.

ОЛЖАС ИСКАКОВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

//Жалпы, эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бірақ мына Алматы мен Астанада жағдай сәл күрделенуде. Сондықтан біз де тиісті дайындықтарымызды жасап отырмыз. Қазір Қызылордаға айтарлықтай маскалық режим басқа деген мәселесі жоқ.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ

//Жалпы, жыл басталғалы облыс көлемінде коронавирус инфекциясының 37 дерегі тіркелген. Оның 35-і ауру симптомдарымен анықталған. Ал өткен жылдың соңында белең алған қызылша ауруы аймақта тұрақтала бастаған.

АЙМАН ЖАНАХАЕВА – ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ //Өткен жылдың қараша айынан жаппай иммундау басталған болатын. Сол иммундаудың тиімділігінен қызылша ауруының аурушаңдығы біршама төмендеп келе жатыр. Былтыр бір айда 500 дерек анықталған болса, қазір қазіргі таңда 366 дерекке дейін төмендеп отыр.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ

Десе де, көктем мезгілі жіті респираторлық вирустық инфекциялардың, тұмаудың белең алатын уақыты. «Сондықтан, сақтық шаралары қаперіңізде болған жөн» дейді мамандар.