Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. Азаматтардың мәселесімен танысқан аймақ басшысы бірқатар түйіткілдің оң шешілуіне ықпал жасады.

Азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй, емделуге қаржылай көмек алу, жұмысқа орналасу және кәсіп ашу мәселелерін қозғады. Облыс әкімі тұрғын үй заң аясында тек кезектілік тәртібімен ғана берілетінін кесіп айтты. Есесіне уақытша баспанамен қамту жұмыстары жүргізілмек. Ал, денсаулық сақтау және өзге де жекелеген мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді. Айта кетерлігі, қабылдауға жол апаты салдарынан мүгедектікке тап болған 30 жастағы қала тұрғыны мен сырқаты бар баласының отасына көмек сұрап келген азаматшаның өтініштері зерттеліп, қаржыландыру тетіктері қарастырылмақ.

СӘКЕН ӘЛІБЕКОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ / Халықтың, бауырларымның көмегімен осы уақытқа дейін емделдім. Ал енді 1-2 ай демалып қаламын арасында уже емнің бәрі қайтып кетеді. Қозғалмай қатайып қалады, әлсіреп қаламын. Мен енді тым болмағанда 1 жыл тоқтамай ем алсам деймін/

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ /Қаражатқа байланысты біз қазір ойластырамыз, көмектесеміз. Бір, екі айдың еміне көмектесерміз, бірақ 1 жыл деп айта алмаймын. Мен түсінемін, қиын жағдайы. Адам басына бермесін. Бірақ өкінішке орай сіз сияқты кісілер көп келеді. Бұған бюджеттен қаржы қаралмайды/