Қызылордада Қазақстан Республикасы Даму институттарының ұйытқы болуымен инвестжобаларды мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша семинар өтті. Жиынға жергілікті кәсіпкерлер, қадағалау, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, пікір алмасты.

Мемлекет басшысы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, инвесторлар мүддесін заң аясында қолдауға ерекше маңыз беріп келеді. Бұл ретте жүргізіліп жатқан инвестсаясаттың мақсаты экономиканың шикізат секторынан өңдеу ісіне басымдық беру, бәсекеге қабілетті өндіріс құру екені түсінікті. Жалпы, Қызылорда өңірінің соңғы жылдарғы көрсеткіші жақсы деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары

Дейтұрғанмен, бюрократиялық кедергілер түбірімен жойылған жоқ. Инвесторларға тосқауыл қоятындар да жоқ емес. Қадағалау органының араласуымен біраз шенеунік жауапқа тартылды. Бұл бағытта «Прокурорлық сүзгі» тетігі арқылы тегеурінді тірліктер жасалуда дейді прокуратура өкілі

Бұл басқосуда қызылордалық кәсіпкерлерге бизнесті қолдау бағдарламалары, инвестициялаудың салалық әлеуеті, тиімді инвестициялық ынталандыру, экспорт және импорт құрылымы, сервистік сектор бойынша мәліметтер берілді. Іс-шараға ұйытқы болған - Қазақинвест ұлттық компаниясы.