Негізгі Жаңалықтар Құқық қорғаушылар бақ сынады

Құқық қорғаушылар бақ сынады

#qyzylordatv 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында шағын футболдан облыстық турнир өтті. Спорттық сайыс прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды. 


 «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі. Тек Сот не прокуратура ғана емес, тұжырымдама төңірегінде барлық құқық қорғау саласының мамандары тізе біріктіре қызмет атқарады. Бір мақсатта жұмылатын түрлі сала өкілдерінің біріңғай әріптестік байланыста болуы маңызды. Ал, шағын футбол әріптестер арасында одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.


 РИЗАБЕК ОЖАРОВ – ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ

 Заң мен тәртіп қағидаты қоғамдағы жауапкершілік пен тәртіптен басталады. Ал спорт адамды дәл осы қасиеттерге, ережені құрметтеуге, әділ бәсекеге, жеңіске ұмтылуға және қарсыласқа құрметпен қарауға тәрбиелейді. Құқық қорғау саласында қызмет ететін азаматтар үшін дене дайындығы, төзімділік пен жинақылық, кәсіби қызметі маңызды құрамдас бөлігі болып табылады


ӘДІЛХАДИ ШИҒАМБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫ

  Басты мақсат тек жеңіске жету ғана емес, әріптестермен өзара сыйластық пен командалық рухты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау. 

 

Тартысты доп додасында ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура, қылмыстық атқару жүйесі, полиция, экономикалық тергеу, әділет департаменті мамандарынан құралған 8 команда бақ сынады. Заң үстемдігі жолында қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің әр ойыны тартысқа толы болды. 


 

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жеңіп алса, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары екінші орынды иеленді. Ал, облыстық полиция департаментінің құрамы үшінші орынды қанағат тұтты. Ойын барысында жеке шеберлігімен көзге түскен ойыншыларға түрлі номинациялар табысталды. 


Бөлісу