Негізгі Жаңалықтар Қайғылы қаза әрбір қазақтың қабырғасын қайыстырды

Қайғылы қаза әрбір қазақтың қабырғасын қайыстырды

#qyzylordatv 

Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесі облыстық филиалының төрағасы Әмірбек Шаймағамбетов «Маңғыстаудағы қайғылы жағдай бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды. Ендігі жерде сабырлық танытып, елдің бірлігін көрсетуіміз керек»,-дейді. 


 ӘМІРБЕК ШАЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 Әр қазақ жалғызым деген ұлтпыз. Әр қазақтың, әр жастың қапияда қаза табуы біз үшін үлкен трагедия. Сондықтан біз өздерінің Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанған сарбаздарымыздың қазасын сырбойылық әрбір жанұяға тиген қайғыдай қабылдап жатырмыз. Марқұмдардың ата-анасына, жақындарына қайғларына ортақ екенімізді білдіреміз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкіметтік комиссия құрылды. Әскери оқу-жаттығуға байланысты барлық мән-жәй анықтала жатар. Құқықтық бағасын берер. Қазірдің өзінде бірнеше қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі таңда елдің бірлігін көрсетіп, сабырға шақырып, еліміздің болашағына бірге жұмыс атқаруымыз керек деп ойлаймын. Әскери қызмет болсын, күштік құрылымда жүрген арнайы мақсаттағы құрылымдардың жұмысы өте қауіпті екенін жақсы білесіздер. Сондықтан елдің болашағы үшін атсалысып жүрген азаматтардың амандығын тілеймін

Бөлісу