Негізгі Жаңалықтар Жыл соңына дейін 112 жер қойнауы учаскесі аукционға шығарылады

Жыл соңына дейін 112 жер қойнауы учаскесі аукционға шығарылады


 Учаскелер Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Қостанай және Қызылорда облыстарында орналасқан. Жеңімпаздарға геологиялық барлау, сейсмикалық зерттеу және бұрғылау бойынша міндеттемелер жүктеледі. Сонымен қатар, қазақстандық кадрларды оқытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына және өңірлік инфрақұрылымды дамытуға қаржы бөлу талап етіледі. Аукционды өткізудегі мақсат геологиялық барлауға инвестиция тарту және мұнай-газ саласын дамыту. Қатысушылардың өтінімдері 18 қарашаға дейін қабылданады.


Бөлісу