Негізгі Жаңалықтар Жануарды жәбірлеген жігіт жауапқа тартылды

Жануарды жәбірлеген жігіт жауапқа тартылды

#qyzylordatv 

Осыдан бірер күн бұрын «TikTok» әлеуметтік желісінде ер адамның мысықты қинап, қатыгездік танытқаны туралы бейнежазба тараған еді. Көп ұзамай жануарды жәбірлеген жігіт жауапқа тартылды.


 Ол тікелей эфир кезінде көпшіліктің көзінше мысықтың құлағынан тістеп қинаған. Оның бұл әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды. Сондықтан, қызылордалық полицейлер оғаш қылық көрсеткен азаматты дер кезінде жауапқа тартып отыр. Тергеу барысында ол 43 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны екені анықталған. Оған айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Бөлісу