Негізгі Жаңалықтар Премьер-министрдің орынбасары мәлемдеме жасады

Премьер-министрдің орынбасары мәлемдеме жасады

#qyzylordatv 

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстаудағы төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Онда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Президенттің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылғанын және қайғылы жағдайға себеп болған әрбір лауазымды тұлға заң алдында жауап беретінін айтты. 

 

 ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ 

 Президент және бүкіл Қазақстан халқы сіздердің орны толмас қайғыларыңызға ортақ. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет менің жетекшілігіммен арнайы комиссия құрды. Осы жағдайға байланысты құзырлы органдар қылмыстық істер қозғады. Тергеу барынша мұқият, жан-жақты әрі қысқа мерзімде жүргізіледі. Қайғылы оқиғаға себеп болған әрбір лауазымды тұлға заң алдында ең қатаң түрде жауап береді. Мемлекет қаза тапқандардың отбасыларын жалғыз қалдырмайды. Қаза тапқан әрбір әскери қызметшінің отбасына қомақты материалдық көмек беріліп, сондай-ақ барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Тергеу барысы мен отбасыларға көмек көрсету жұмысын жеке бақылауымда ұстаймын

Бөлісу