Негізгі Жаңалықтар Оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапты

Оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапты

#qyzylordatv 

 Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлады. «Сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды», - делінген ресми ақпарда.


 Қаза тапқан әскери қызметшілердің қатарында Аға лейтенант Олжас Мұхтарұлы, сержант Мансұр Гумаров , мерзімді қызметтегі матрос Мирас Тұрдыбекұлы, Аяпберген Сержан Талғатұлы, Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы, Көбенов Алмас Жүсіпұлы, Төлеген Ақылбек Қабденұлы, Темірғалиев Жеңіс Тлеуұлы, Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы, Жаңабай Әсет Саматұлы, Мәдіхан Азамат Болатбекұлы, Бегей Дастан Нұрболұлы, Гилаж Ақжайық Болатбекұлы, Диханбаев Олжас Тәжібайұлы бар.


Біз қайғыға ортақтасып, бір минут үнсіздік жариялаймыз. 

Бөлісу