Тұрғындарға құқықтық кеңес берілді
#qyzylordatv
Облыстық Әділет департаментінің мамандары Жалағаш ауданының тұрғындарымен кездесті. Мақсат - заң талаптарын түсіндіру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы шара Жалағаш ауданына қарасты Шәменов, Еңбек ауылдарында ұйымдастырылды. Әділет департаментінің өкілдері тұрғындарымен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Еркін пікір алмасып, азаматтарға құқықтық кеңес берді.