Негізгі Жаңалықтар Құнды құжаттарды құнттау тетігі

Құнды құжаттарды құнттау тетігі

#qyzylordatv 

Шаң басқан архивтерде өткеннің мазмұнды мұрасы сақталған. Ал оның құндылығын бүгінгі буынға жеткізудің маңызы зор. Осы орайда облыстық мемлекеттік архив мекемесінде арнайы ашық есік күні ұйымдастырылып, оқушыларға қордағы құнды құжаттар таныстырылды.


 Сыр өңіріндегі архив мекемесі кәсіби жабдықталған еліміздегі бірден-бір нысан. Мұнда әрбір құжат тарихына қарай арнайы жасақталған қоймаларда сақталады. Оқушылар өңір тарихы туралды нақты ақпаратқа сусындап, маңызды құжаттардың түпнұсқасымен танысты. Мұнан соң олар осы саланы дамытуға арналған инновациялық идеяларын ұсынуға да мүмкіндік алды. Байқауға қала мектептерінен бірнеше команда арнайы шақыртылған. Қатысушылар тарихи деректерді заманауи технологиямен ұштастырып, мазмұнын байыту турасында сайысқа түсті. Ал, ерекше жоба ұсынған оқушылар арнайы алғыс хатқа ие болып отыр.    


 БАҚЫТ АҢСАТОВ – ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ  

 Бұл сайыстың бағыты балалардың ортасында ата-бабамыздың тарихы, салт-дәчстүрге деген қызығушылықты арттыру. Сонымен қатар, отанға, елге деген патриоттық сезімді арттыру. Одан бөлек, архивист мамандығы бойынша қызыушылықтарын арттырғымыз келеді


 ДИЯР НҰРБОЛ – ОҚУШЫ  

 Бұл жерге келген себебім, архив үнін заманауи техникалар арқылы жаңғыртамыз. Архив біздің жадымыз. Өткеннің үнін сақтайтын бұл ерекше әлемге бүгінгі жас ұрпақ өзінің жаңа көзқарасымен, заманауи білімімен үн қосуы тиіс. Сонда ғана біз тарихымызды болашаққа абыроймен жеткіземіз/


Бөлісу