Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
#qyzylordatv
Маңғыстауда әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу жағдайын Үкіметтік комиссия тексеріп жатыр. Осы мәселеге байланысты Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу тобы құрылды. Қанат Бозымбаев оқиғаның мән-жайын толық анықтауды тапсырды. Қаза болғандардың отбасыларына мемлекет тарапынан әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетіледі. Бөлінетін қаражаттың отбасыларға толық жетуі бақылауға алынады. Ауруханаға жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Комиссия жұмысы жалғасуда.