Негізгі Жаңалықтар «Таза Қазақстан»: Қоқыс жинау сайысы өтті

«Таза Қазақстан»: Қоқыс жинау сайысы өтті

#qyzylordatv 

Қала жастары арасында «Табиғатты сақта – болашақты қорға!» тақырыбында ерекше сайыс ұйымдастырылды. Экологиялық акция аясында өткен шараға жүзден астам ерікті қатысып, бір сағаттың ішінде 3 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық пен күл-қоқыс жинады.  


 Қоршаған ортаны таза ұстап, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы сайыс СПМК-29 саяжайында өтті. Ерікті жастардан құралған 11 эко-топ өздеріне бекітілген аумақты күл-қоқыстан тазартып, игі іске жұмыла атсалысты. Нәтижесінде ең көп қоқыс жинаған «Теке батыр» командасы жеңімпаз атанып, 90 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болды. Ал, екінші орын алған «Экология» командасы 70 мың, Қосшыңырау ауылдық округінің жастары 50 мың теңге жеңіп алды. 


Бөлісу