Өңірімізде ардагерлер мен ересектер арасында классикалық шахматтан командалық чемпионат өтіп жатыр. Оған республиканың түкпір-түкпірінен 13 команда мен 100-ге жуық шахматшы қатысуда.
Еліміз бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отырған чемпионаттың жеңімпаздары командалық рапит және блицтен әлем біріншілігіне жолдама алады. Қатысушылар жас мөлшеріне қарай 50 және 65 жастан жоғары болып екі топқа бөлінген. Әйелдер арасындағы бәсеке де дәл осы жүйемен өтіп жатыр. Чемпионат 6-шы сәуірге дейін жалғасады.
ГҮЛМИРА ДӘУЛЕТОВА - ҚР ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Мұндай жарыстарды Қазақстанда алғаш рет бастап жатырмыз. Ардагерлердің арасында, ересектердің классикалық командалық жарыс бұрын-соңды болмаған. Федерация осы жылдан бастап, осы бағытты да қолға алды. былтыр біздің қарияларымыз Азия біріншілігінде күміс жүлдегер атанды. Сондықтан біз ардагерлерімізді жылдан-жылға өсіріп, қолдаймыз».
ТАЙЫР ЖҰМАБАЕВ – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Мен батыс Қазақстаннанмын. 74-темін. Ардагерлер арасында өзіміз ойнаймыз. Жалпы мектепте ойнадық, институтта ойнадық. Кезінде бірінші разрядым болды. Кәсіпқой, любительмін ғой. 10 жасымнан бастап мектепте ойнап бастадым. Қазір енді 13 команда ғой. Мен өзім бірінші тақтада ойнаймын. Ортасына дейін жетсем деп ойлаймын енді».