Облыс орталығында жылу беру маусымы аяқтала салысымен кварталаралық жылу желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесінің бөлім басшысы Хасанғали Иманғалиев хабарлады.

Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша жылу желілерінің ұзындығы 199 шақырым. Соның ішінде өткен жылы 12 шақырымға жуық құбыр жөнделсе, биыл 9 шықырымнан астам жылу желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Ауқымды жоба 6 жоба бойынша жүзеге асырылмақ. Осы арқылы желілердің тозу деңгейі едәуір төмендейді, дейді мамандар.

ХАСАНҒАЛИ ИМАНҒАЛИЕВ – «ҚЫЗЫЛОРДА ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ» МКК БӨЛІМ БАСШЫСЫ /+10 градус орташа деңгей 5 күн сақталған жағдайда қала әкімінің өкімімен жылу маусымы аяқталады. Аяқталғаннан кейін жылу жүйелеріне жоғарғы қысымда сынақ жұмыстары жүргізіледі. Сол шыққан ақаулар бойынша мекеме қаражатына жұмыстар істеледі. Одан бөлек Қызылорда қаласында жылу жүйелерінің тозу дәрежесін азайтуі бойынша 6, жалпы ұзындығы 9,5 км қаланың жылу жүйелері қайта жаңғыртудан өткізіледі/