Қостанай облысының Амангелді ауданында жиналған қарғын судың деңгейі 50 сантиметрге төмендеген. Бірақ, әлі босаңсуға негіз жоқ. Өйткені, іргеден өтетін Жалдама өзені арнасынан асып таситын болса, ауылға жайылуы мүмкін. Ал Сыр өңірінен көмекке барған төтеншеліктерқұтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Тұрғындар қайық және тікұшақпен қауіпсіз жерге көшірілуде. Айта кетейік, қызылордалық құтқарушылар кешелі бері Байғабыл ауылдық округінен бірнеше шаруа қожалықтарына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіп, 2 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ, Айтбай ауылы, Талқанбай учаскесінен де 2 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірген. Ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының иелері су тасқыны кезінде қол ұшын созып, көмекке келген мамандарғаалғысын білдірді.
БАУЫРЖАН ОСПАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Қызылорда және Қостанай облысы төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесіп 115 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Сонымен бірге жедел құтқару жасағы шаруа қожалықтарына гуманитарлық көмек жеткізілді. Қазіргі таңда Амангелді ауданында су тарту жұмыстары жалғасуда.//